«Қазгидромет» синоптиктері 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Бүгін шығыста қар жауады
3,311
оқылды

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлейтті аймағында өрт қаупі сақталады.

Фото: news.myseldon.com