Петропавлда үй өртеніп, үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өртенген үйден 20 жастағы бойжеткен мен 2 баланың мәйіті табылды
1,613
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні  өрт сөндірушілерге сағат 21:35-те Петропавлдағы Волочаевская көшесі, 113 мекенжайында өрт туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткен. Ағаш үй өртенген. Өртенген үйден 3 адамның – 20 жастағы бойжеткен мен 5 және 1 жасар баланың мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Жалын 19 шаршы метр аумақты шарпыды. 

Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов барды. 

Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр.