Сот процесі басталғанға дейін сотталушы журналистермен сөйлесуге және істің анық-қанығын бөлісуге ниет білдірді.
"Алданған адамдардың ақшасын Бекболат Тілеуханов алып кетті". Kausar Travel директоры сотталды
13,626
оқылды

Шымкентте атышулы сот процесі аяқталды. Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары Мекке мен Мединаға барамыз деп алданып қалған болатын, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Сотталушылар орындығында Кausar Trаvel туристік фирмасының директоры болды, ол жүздеген қазақстандықты алдады деген күдікке ілінген еді. Қажылардың әрқайсысы қасиетті жерлерге бару үшін кем дегенде мың доллар төлепті. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаса, ал кейбіреулері шетелде баспана, ақша, тамақсыз қалды.

Сот процесі басталғанға дейін сотталушы журналистермен сөйлесуге және істің анық-қанығын бөлісуге ниет білдірді.

"ҰҚК-ға, Шымкент ПД-ға және инстанцияға арыз жаздым. Іс бойынша Бекболат Тілеуханов та өтуге тиіс. Ол алданған адамдардың барлық ақшасын алып кетті..." - деді сотталушы сот процесі басталғанға дейін.

Сотта 300-ге жуық адам куә болды. Зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. Сот жарыссөзінде прокурор компания директорын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - деді судья Айнель Орақбаева.

Турфирма директоры өз кінәсін мойындамады.

Айта кетейік, жанжал биыл қаңтарда, ал сот процесі шілдеде басталды. Шамамен екі ай бойы судья осы іс бойынша зардап шеккендер мен куәгерлерден жауап алды.

Фото: otyrar.kz