Осы жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның небәрі 50%-ы жойылды.
Ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылған
773
оқылды

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес,  ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Министрдің айуынша, қоқыс орындарының ең көп саны Ақмола облысы бойынша – 830 (оның 88%-ы жойылды) және Қарағанды облысында – 745 (оның 99%-ы жойылды). Осы жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның небәрі 50%-ы жойылды. Қоқыстарды жою жұмыстарының төмен көрсеткіштері Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20% және Астанада – 30% тіркелді.

«Бүгінде  GPS-датчиктердің көмегімен қоқыс шығаратын техниканың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі сынақтан өтуде. Келесі жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді ол.