Істі қарау барысында екеуі де кінәсін толық мойындады.
Алматы облысында ауыл әкімдері жауапқа тартылды
1,799
оқылды

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2 ауылдық округ әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

"Мониторинг барысында Жамбыл ауданы Ұзынағаш және Матыбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің Б.Р.Бейсенбеков пен Т. Б.Муқеев активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған мамандарды жұмысқа қабылдағаны анықталды. Бұл (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы) ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып есептеледі", – делінген Антикор хабарламасында.

Осы азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Істі қарау барысында екеуі де кінәсін толық мойындады.

Нәтижесінде, әкімдерге 50 МРП көлемінде айыппұл салынды.

Фото: gov.kz