Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған бағдарлама аясында Атырау облысында 1 млрд 504 млн теңге қаржы қаралған.
Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген
1,382
оқылды

Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған бағдарлама аясында Атырау облысында 1 млрд 504 млн теңге қаржы қаралған. Соның нәтижесінде 188 жобаны несиелеу, 199 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта 353,8 млн теңге көлеміндегі өтінімдер мақұлданды. Мақұлданған өтінімдердің басым бөлігі мал шаруашылығы, жылыжай салу, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және қоғамдық тамақтану, ауыл шаруашылығын жабдықтандыру салаларын қамтып отыр. Аталған жобалар аясында 47 жұмыс орны ашылады деп күтілуде», – дейді Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі Гүлназ Кәрімжан.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында  беріліп жатқан несие негізінен алты бағытты қамтып отыр. Соның ішінде, егін шаруашылығы, мал шаруашылығының ішінде ет-сүт бағыттарын дамыту, облыс бойынша мал азығын дайындау, балық шаруашылығын дамыту,  өңдеу өнеркәсіптерін жолға қою және кәсіпкерлік бағытындағы бизнес жобаларды қолдау.

Баян Жанұзақова