Астана қаласындағы Халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне барды
637
оқылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне барды.

Астана қаласындағы Халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алайда, еліміз аталған көрмеге 2019 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. «ИННОПРОМ» көрмесінің негізгі мақсаттары – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және тәжірибе алмасу. Биылғы іс-шара жаңа кезеңдегі өнеркәсіптік стратегия тақырыбына арналған. Оған ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысып жатыр.

Мәулен Әшімбаев көрмеде металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, сондай-ақ, фармацевтика салаларында өндірілген тауарлармен танысты.

Біздің еліміз өнеркәсіп саласында ЕАЭО-дағы серіктестерімен бірге 38 бірлескен жобаны іске асырды. Тыңғылықты өңдеу, барынша локализация, жаңа өнімдер өндіру және экспорттық әлеует кооперацияның басты басымдықтары екенін атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің өнеркәсіптік үлгісін қалыптастыру және Жолдауда айтылған жоғары қайта бөлу кластерлерін құру жөніндегі тапсырмалары аясында мұндай тәсілдің маңызы артып отыр.

Анықтама: «ИННОПРОМ» – халықаралық өнеркәсіптік көрмесі 2010 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Форум делегация басшыларының қатысуымен бірнеше блоктардан тұрады. Олар: өнеркәсіпті цифрландыру, машина жасаудағы кооперация, ірі қалаларға арналған технологиялар, энергетикаға арналған технологиялар және халықаралық ынтымақтастық тақырыптары бойынша мамандандырылған сессиялар. Былтыр Қазақстан көрменің серіктес елі болды.