Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды.
Азиада ойындарында Қазақстан қай орында тұр
1,462
оқылды

Бүгін, қыркүйекте ел құрамасы қоржынына екі алтын медаль түсті. Осылайша, олардың саны үшеуге жетті.

Алдымен 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды.

Одан кейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Аталған үш алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Көш басында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония құрамалары тұр.

Фото: Olympic.kz