«Қазпошта» АҚ клиенттер мен онлайн-платформа пайдаланушыларына аса сақ болуды ескертеді.
Алаяқтар Қазпоштаның атынан жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр
2,877
оқылды

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр. Алаяқтар «Қазақстан поштасы» атынан жалған SMS-хабарламалар таратып, тұтынушыларға күмәнді сілтемеге өтуді ұсынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР азаматтары мен «Қазпошта» клиенттеріне сәлемдемені жеткізуді тоқтату туралы хабарламалар жіберілуде. Өздерінің сәлемдемелерін төлеу және алу үшін алаяқтар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Хабарламалар жалған электрондық пошта мекенжайлары арқылы жіберіліп жатыр», – делінген «Қазпошта» АҚ таратқан хабарламада.

Осы ретте «Қазпошта» АҚ клиенттер мен онлайн-платформа пайдаланушыларына аса сақ болуды ескертеді. Бұған дейін фишингтік сайттар арқылы онлайн-тауарларды жеткізу қызметтерін ұсынатын алаяқтық оқиғалар тіркелген болатын.

«Қазпошта» АҚ мәліметінше, банк картасының нөмірі мен CVV кодын жарияламау қажет.

«Егер сіз фишингтік сайттағы сілтемені пайдалана отырып, тауарды жеткізу төлемін жасауды шешсеңіз, бұл шешім үшін өзіңіз жауапты боласыз. «Қазпошта» АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жолдайды», – деп жазды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

 

Фото: Қазпошта АҚ