Қазір үйден шықпай-ақ суретшілердің өнерін тамашалауға болады. Мәселен, суретші Әсел Сабыржанқызы әлеуметтік желіде блог жүргізу арқылы танымал болған.
Шынайылықтың шыңына шыққан суретші
1,653
оқылды

Ол – еліміздегі алғашқы гиперреалист суретші. Өз жұмысында әртүрлі техникаларды қолданып, тәжірибе жасағанды жаны сүйеді. Қазір Астанада Әселдің кілемге салынған суреттер көрмесі өтіп жатыр. Біз суретшіні арнайы іздеп барып, шығармашылығы мен заманауи өнерге деген көзқарасы туралы әңгімелестік.

Әсел Сабыржанқызының порт­рет­тері жастар арасында кеңінен та­ны­мал. Ол Бауыржан Момышұлы, Ба­тыр­хан Шүкенов, Геннадий Головкин сияқты ел мақтаныштарының суретін салу арқылы көп­шіліктің жүрегіне жол тапты. 

Сондай-ақ Әсел 5 жылдан бері ги­пер­реализм жанрында шеберлігін шыңдап ке­леді. Гиперреализм – нысанды фо­тореа­ли­зацияға негізделген сурет салу мен мү­сін­деудің стилі. Гиперреализм АҚШ-та ХХ ға­сырдың ортасында пайда болды, басты мақсаты – шын бейнені, ақиқатты көрсету. Се­бебі фото сияқты қанық суреттерге деген сұ­раныс жоғары. Үнемі шеберлігін шың­дау­ға құмар суретші жақында алты қарын­да­ш­пен бір уақытта алты адамның порт­ре­тін салып, көрермендерін тағы бір рет таң­­­­ғалдырды. 

– Иә, мен кәсіби білімі бар суретшімін. 14 жыл бойы кескіндеме бойынша білім ал­дым. Маған гиперреализм бағыты бойын­ша сурет салу қатты ұнайды. Дәл осы ба­ғытты Қазақстанда алғашқылардың бірі бо­­лып дамытқым келді, өйткені тікелей осы жанрда сурет салатын маман елімізде бол­­ған жоқ. Сондықтан да бұл жолда өте ұзақ іздендім. Гиперреализм бағытында көп­­т­еген суреттер сала бастадым. Содан кейін тапсырыстар да түсетін болды. 2021 жылдан бастап әлеуметтік желіде белсенді түр­де блог жүргіздім. Әртүрлі техникамен су­рет салғанымды видеоға түсіріп, жария­лап отырдым. Өз блогымда машинаның ка­потына да, қолыммен, аяқтарыммен де су­­рет салдым, сонымен қатар 3 және 6 порт­ретті бір уақытта салып, түрлі тәжірибе жа­садым. Осылайша, аудиториям күннен күн­ге көбейіп, өнерге қызығатын адам­дар­дың саны артты. Биыл блогымды дамыту үшін кілемге сурет салдым. Бұл идеямды Forte Kulanshi Art Space галереясының директоры Лейла Махат қатты ұнатты. Ол кісі менің бұрынғы және қазіргі тәлімгерім, колледжде сабақ берген. Осылайша, Лейла Махаттың ұсынысымен Астанада көрме өткізіп жатырмыз. Бұл жерде кілемге са­лын­ған қазақ аруларының портреттерін та­­машалай аласыз, – дейді Әсел Сабыр­жан­қызы. 

Ұмыт болған батыр қыздарды бейнелеген

Астанадағы Forte Kulanshi Art Space галереясында Әселдің кілемге салынған су­реттері ілулі тұр. Көрмені тамашалауға күн сайын келетін жастардың да саны көп екен. 

– Көрменің идеясы бастапқыда дала әйе­лінің батыл бейнесін көрсету болды жә­не біз қоғам тани бермейтін әйелдердің бей­нелерін көрсетеміз деп шештік. Мы­са­лы, Томиристі, Әлия Молдағұлованы бар­лы­ғы біледі. Бірақ бізде ұмытылған батыр қыз­дарымыз қаншама? Мысалы, Гауһар батырды, Айбике батырды, Сүйімбике мен Бо­пайды көп адам танымайды. Мен жас­тар­ға қазақтың ұмыт болған батыр қыз­да­рын, тарихымыздағы мықты әйел образ­да­рын көрсеткім келді. Себебі батыр аналары­мыз­дың рухы ешқашан өшпеген, олар Ота­ны үшін күрескен, – дейді кейіпкеріміз. 

Иә, көрмеге ұмыт болған батыр қыз­дар­дың портреттері қойылыпты. Кі­лем бетіне бейнеленген кейіпкерлердің об­раздары да ерекше. Тап бір шынайы өмір­дегідей. Портреттердің барлығын бірік­тіріп тұрған – батырлық пен ерлік. Бір қы­зығы, суретшілігімен жастардың сүйіс­пен­шілігіне ие болған Әселдің отбасында бұл өнермен шұғылданатындар жоқ екен. 

– «Бір пайыз талант, 99 пайыз еңбек» де­ген сөз дәл айтылған. Мен суретші болу үшін 14 жыл кәсіби білім алдым. Бала кү­нім­нен сурет салуға қатты қызықтым. Әсі­ре­се, адамдарды бейнелеген ұнайтын. 12 жасымда ата-анам көркемсурет мектебіне бер­ді. Содан бері бояу мен сурет салуға де­ген махаббатым арта түсті. Маған сенім бе­ріп, алаңсыз алға басуыма себепкер бол­ған – ата-анам. Олар мені мақтан тұтып, үне­мі қолдау көрсететін. Картиналарымды үйге толтырып іліп қоятын. Бұл менің бала қиялыма қанат бітірді, одан әрі армандай түс­тім. Тек бір бағытта ғана жұмыс істедім. Қа­зір санасам, осы уақытқа дейін мыңға жуық картина салыппын. Ал дәл бүгін мақ­сатты түрде өз блогымды дамытып жа­тыр­мын. Өйткені адамдардың, біздің қоғамның су­рет салуға, өнерге деген сүйіспенші­лік­терін оятқым келеді, – дейді Әсел Сабыр­жан­қызы. 

Жас суретші көптеген рес­публи­ка­лық және халықаралық байқау­лар­да жүлде алған. Ол 2012 жылы Ernst & Young компаниясы өткізген конкурсқа қатысып, екі картинасы жүлделі бірінші және екінші орын алған. Бүгінде аталған картиналар компанияның кеңсесінде ілулі тұр. 

– Студент болып жүрген кезде де әр­түр­лі суреттер салып, көрмелерге қатыстым. Айталық, Бейжіңдегі көрмеге екі картинам қатысты. Дегенмен шетелде әлі үлкен көр­мелерге қатыспадым. Қазақстанда осымен екін­ші рет ірі көрмеге қатысудамын. Бола­шақ­та әлі талай көрмелер мен байқауларда бақ сынаймын деп үміттенемін. Осындай үл­кен көрмені Берлинде, Лондонда, Нью-Йорк­те өткізіп, мәдениетімізді, тарихы­мыз­­да қандай тұлғалар болғанын неге көр­­­сет­песке? – дейді кейіпкеріміз. 

Әр суретші жеке бренд қалыптастыруы керек

Әселдің айтуынша, бір картинаны салу үшін орта есеппен екі аптадан бір айға жуық уақыт кетеді. Ал суретті мейі­лін­ше жылдам бітіру керек болса, 2-5 күн аралығында дайындауға да болады. 

– Шабытты адамдардан аламын. Өйт­ке­ні портретшімін. Өмірлік тәжірибесі мол, жі­гері мықты, түр-сипаты ерекше адам­дар­ды, қарияларды жақсы көремін. Олардың энер­гиясынан, харизмасынан, сырт кел­бе­тінне, бетіндегі әжімдері мен сызықтары­нан, тіпті, терісінің түсінен де энергия ала­мын, – дейді суретші. 

Оның пікірінше, әлемде суретшілерге сұ­раныс жоғары. Мысалы, шетелде жаңа­дан бастаған суретшінің жұмыстарының құны 2 мың доллардан басталады. Бірақ біз­дің елімізде тіс қаққан мықты суретші­лер­дің жұмыстары ғана осылай бағаланады. 

– «Қазақстанда суретшінің еңбегі ба­ға­лан­байды» деп айта бергеннен ештеңе шық­пайды. Әрбір суретші жеке брендтін өзі дамытуы керек. Сонда ғана сұраныс пай­да болады. Суреттердің құндылығын көр­сету арқылы еңбегіңізді насихаттайсыз. Яғни, бәрі суретшіге байланысты. Егер сіз жақ­сы ақша тапқыңыз келсе, ерінбей із­денуіңіз керек. Ондай суретші шағымдануға да уақыт таппайды, – дейді Әсел Сабыр­жан­қызы. 

Әселдің сурет өнеріндегі кумирлері – Микеланджело мен Леонардо да Винчи. Леонардо тек танымал суретші бол­ғаны үшін ғана ұнамайды. 

– Мен оны жан-жақты дамығаны және әлемдік кескіндемеге ғана емес, сонымен қатар инженерияға, ғылымға, медицинаға және басқа салаларға қосқан үлкен үлесі үшін жақсы көремін. Ол керемет адам! Табыс табуды да ұмытпай, өз шәкірттерінен мықты топ құрды, – дейді кейіпкеріміз. 

Қазір Әсел Сабыржанқызының TikTok-та – 320 мың, Instagram-да 113 мың ау­диториясы бар. Оқырмандарының бар­лығы «Әсел енді қай жанрда сурет салып, таңқалдырады?» деп асыға күтеді. Біз жас суретшінің болашақ жоспарлары жайлы да сұрадық. 

– Әртүрлі техникалар арқылы сурет са­лып жүрсем де, маған кілемде жұмыс іс­теу техникасы ұнады. Ары қарай да осы стиль­де жұмыс істегім келеді. Халықтың ме­ні «О, бұл кілемде жұмыс істейтін сурет­ші ғой» деп танығанын қалаймын. Алдағы уақытта кілемдерге гиперреализмді қосып, керемет түсті микс жасауға тырысамын, – дейді Әсел. 

Қылқалам шеберіне тек қана сәттілік тілейміз! Алдағы уақытта Әселдің сурет­те­рінің әлемдік көрмелерде ілулі тұратынына сеніміміз мол. 

Көктем ҚАРҚЫН