Жылжымайтын мүлікті сатып алу – өте маңызды қадам және оған аса жауапкершілікпен қарау қажет.
Пәтер сатып алу кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін?
1,263
оқылды

Сондықтан біз  korter.kz жылжымайтын мүлік сайтымен бірлесе отырып, пәтер сатып алу кезінде қандай факторларды ескеру керектігі жайлы мақала дайындадық.

Атап айтар болсақ:

1. Сатушы меншік иесі болып табылмайды

Әрине, сіз үй сатып алу туралы келіскен адам меншік иесі болса жақсы. Дегенмен  бұлай әрқашан бола бермейді. Кейбір жағдайларда үйдің заңды иесі сенімхат негізінде әрекет ететін делдалдың қызметтерін пайдалануға мәжбүр болады. Мұндай жағдайға тап болғанда сақ болу керек.

2. Құжаттардағы сәйкессіздіктер

Сатушының сөзіне сене беруге болмайды, сондықтан алынған ақпаратты тиісті құжаттармен тексеріңіз.

3. Меншік иелерінің жиі өзгеруі

Меншік иелерінің жиі өзгеруі несие берушілер алдындағы жауапкершіліктен жалтарудың белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда меншік иелері жақын адамдарына тұрғын үйді бірнеше рет қайта рәсімдейді.

4. Жылжымайтын мүлік сатушыға мұраға қалдырылды немесе сыйға тартылды

Егер сіз сатушының тұрғын үйді мұрагерлік жолмен немесе сыйға тарту шарты бойынша алғанын білсеңіз, онда жылжымайтын мүлікті беру процесінде үшінші тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіру қаупі бар.

5. Тұрғын үй үшін берілетін кепілақының бұрыс рәсімделуі

Тұрғын үй үшін берілетін кепілақы туралы келісімді тексеріп, объектінің бағасына және көрсетілген валютаға назар аударыңыз. Барлық сома теңгемен көрсетілуі керек екенін есіңізден шығармаңыз.

6. Сатушы келісімшартта бағаны төмендетеді

Сатушы өз кірісін жасыру және салық төлемеу үшін сатып алу-сату келісімшартындағы жылжымайтын мүлік бағасын әдейі төмендетуі мүмкін. Егер мәміле жарамсыз деп танылса, сатып алушы үшін ақшасының бөлігін жоғалту қаупі бар.