Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.
Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
2,073
оқылды

1 қазан түнгі сағат 03:30-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зақым болған немесе қираған дерек жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан жерінде орналасқан», – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 11.8 MPV, магнитудасы – 6.2. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2-3 балл қуатымен сезілген.

Сондай-ақ кеше, 30 қыркүйек күні сағат 20:59-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі болды.