Алматы облысы Шелек ауылындағы мешіттердің бірінде имам намаз оқып жатып бөлмеде жүгіріп жүрген баланы бір ұрған еді. Оқиғаға байланысты полицейлер жауап берді.
Алматы облысында 3 жасар баланы ұрып құлатқан имам жауапкершілікке тартылмады
1,036
оқылды

Полиция оқиға кезінде баланың әкесі сол жерде болғанын, ол арыз жазудан бас тартқанын және бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін атап өтті.

"Тексеру барысында анықталғандай, бейнероликте көрсетілген бұл оқиға 2023 жылдың 27 маусымында Шелек ауылында орналасқан мешітте болған. Намаз кезінде 1978 жылы туған азамат Е. 3 жасар баланы сол қолымен ұрып жіберген", – деді Бауыржан Әленов.

Өз кезегінде бұл оқиға Алматы облысы мұсылмандары діни басқармасында қаралып, имам өз әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Қазіргі уақытта полиция жан-жақты, толық және объективті шешім қабылдау үшін барлық қажетті тексерулерді жүргізіп жатыр. Баланың ата-анасының, ауыл тұрғындарының және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қатысуымен азамат Е.-мен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Имам кешірім сұрады", – деп қосты полковник Әленов.