Жаңашылдық арнайы қызмет көрсету орталығына келушілер ағынын азайтуы керек. Жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кез келген адам ХҚО қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсыруға және кезекке тұруға өтініш бере алады.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
1,234
оқылды

Өтінім беру үшін пайдаланушы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мобильді қосымшасында «Бейне сервисті» таңдауы керек. Одан жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу немесе бұрын төленген чек беру сұралады. Төлем жасалғаннан кейін №073/у нысанды медициналық анықтаманың сканерленген нұсқасын, автомектепті бітіргені туралы анықтаманы, талапқа сай көрсетілетін қызметті алушының фотосуретін және оның қолын ұсыну қажет.

Сұралған құжаттарды бейнеконсультантпен байланысқан кезде диалогтық терезеде тіркей аласыз. Өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін пайдаланушыдан арнайы қызмет көрсету орталығында кезекке тұру және емтихан тапсыру күні мен уақытын таңдау сұралады.

"Бұған дейін жүргізушілікке үміткерлер емтихан тапсырар алдында арнайы қызмет көрсету орталығына жеке хабарласып, өтініш толтырып, мемлекеттік баж салығын төлейтін. Енді олар бұл қадамды үйде отырып-ақ онлайн режимінде аяқтай алады. Клиент емтихан тапсыру үшін белгіленген уақытта арнайы қызмет көрсету орталығына келіп, бейнеқоңырау арқылы өтініш толтырып, кезекке тапсырыс бере алады. Алдағы уақытта электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы өтініштер беру функциясын іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ қызметті eGov мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.