Қазақстанда Аралды құтқару - өте өзекті мәселе.
Сенатор Бибігүл Жексенбай: Елімізде су секторындағы дипломатияны дамыту қажет
1,016
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында су мәселесін айрықша атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Себебі, су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр.

Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін.

«Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндет», – деді Президент. 

Елімізде су секторындағы дипломатияны дамыту қажет. Бұл туралы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында айтты.

 

Сенатор «Даму күні» аясында Академия магистранттары мен докторанттарына, қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды. 

Су қауіпсіздігі еліміз үшін ғана емес, әлем үшін үлкен мәселеге айналып отырғанын атап өтті. 

«Қазақстан Орталық Азиядағы суға тәуелді бірден бір ел болғандықтан, су секторындағы дипломатияны дамыту, кәсіби келіссөздер жүргізетін мамандарды даярлау өте маңызды. Суды үнемдеу туралы білімді ерте жастан насихаттауымыз керек. Бұл маңызды сабақтар балабақшадан бастап оқытылуы тиіс. Балаларға судың неліктен маңызды екенін және бұл ресурсқа неліктен мұқият қарау керек екенін үйретуіміз керек. Мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсынысымыз министрлікке жолданды, оң қаралады деген үміттеміз», – дейді сенатор.

 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы БҰҰ мінберінде Аралды құтқарып, Каспийді құтқаруға шақырған еді