Оқытушы студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды.
Павлодарда студентке қол көтерген оқытушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
1,218
оқылды

Павлодарда сабақ үстінде студентті ұрып-соққан колледж оқытушысына қатысты іс қозғалды.  Aikyn.kz бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздың студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. 

«29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырыпты түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, ток күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - делінген облыстық полиция бөлімінің хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өкілдері бұл оқиғаға колледж басшысы да жауап беретінін айтты. Қазір іс материалдары сотқа жіберілді.

Бұған дейін Павлодардағы колледждердің бірінде оқытушы студентті тәрбиелеу мақсатында ұрып-соққаны жөнінде жазған болатынбыз.