Жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum-да үздік қазақстандық компанияларды марапаттау рәсімі өтті.
Kaspi.kz «Жыл трансформаторы» атанды
804
оқылды

Мемлекеттік және басқа да цифрлық сервистерді біріктіргені үшін және қазақстандықтардың күнделікті өміріне кеңінен ендіргені үшін Kaspi.kz компаниясы басты «Жыл трансформаторы» атанды.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе өз пікірін білдірді: «Бүгінгі таңда Қазақстан – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуде әлемдегі ең дамыған елдердің бірі, ол әр қазақстандық үшін зор мақтаныш көзі. Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді етуге тырысып жатқан мемлекеттік органдарға рақмет айтамын. Цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен азаматтарға арналған заманауи цифрлық сервистерді жасауға атсалысқан басқа да мекемелерге сенім артқаны үшін және бірлесіп жұмыс істегені үшін мың алғыс. Ал қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тура өз смартфонында оңай әрі жылдам алады. Біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін форумның қазылар алқасына рақмет!»

Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесі жыл сайын еліміздің үздік компанияларын айқындайды. Биыл оның құрамына Ораз Жандосов, Сәкен Жұмашев (KPMG), Елена Бахмутова (АФК), Ельдар Әбдіразақов (Kazakhstan Growth Forum), Екатерина Бенджамин (IFC), Ерлан Досымбеков (EY), Ержан Досымбеков (Grant Thornton), Андрей Беклемишев (IDC), Дулатбек Икбаев (McKinsey & Company), Дана Іңкәрбекова (PwC), Дина Урастаева (Qazaq Independent Directors) сияқты беделді сарапшылар кірді.