Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 53-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен кездеседі.
Елена Рыбакина Бейжіңде Азиада чемпионын ойсырата ұтты
1,865
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 23-ракеткасы, биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Рыбакина екі брейк жасап, оңай бітірді – 6:1.

Елена екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:2.

Бір сағат 1 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 53-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен кездеседі.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина ресейлік Анастасия Пановамен бірге бразилиялық Беатрис Хаддад Майя – ресейлік Вероника Кудерметоваға жол берді – 4:6, 6:4, 7:10.

Фото: ktf.kz