«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанын­да­ғы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау кеңе­сінің кезекті отырысы өтті.
Қостанайда отбасыға байланысты кеңес өтті
742
оқылды

Кеңеске «Отбасылық терапия» жобасының жетекшісі Несібелі Бә­сенованың төрағалық етті. Оты­рыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қа­зақстан халқына Жолдауының не­гізгі ережелерін, атап айтқанда, ба­лалардың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету, құқықбұзушылықтың кез келген түріне жазаны қатайту мә­селелерін талқылады. Кәме­лет­ке толмағандарға қатысты зорлық-зом­былық, сондай-ақ білім беру ұйымдарында психологиялық қол­дау қызметін күшейту, бірыңғай те­лефон сенімін ұйымдастыру жә­не зорлық-зомбылық пен қорқыту құр­бандарына көмек көрсетудің тиім­ді бағдарламасын әзірлеу тура­сында да сөз қозғалды. 

– Мемлекет басшысы 1 қыр­­күйек­те Қазақстан халқына жыл сайын­ғы Жолдауында еліміздің эко­номикалық дамуы туралы өз көз­қарасын айтты. Сонымен қатар Пре­зидент экономика мен саяса­т­тың ғана емес, біздің балалары­мыз­ға қатысты өмірлік маңызды мә­селелерге де тоқталды. Әсіресе, құ­қық қорғау органдары қызмет­кер­­лері­нің назарын балалар мен жа­сөспірімдер мәселесіне аударды. Оның айтуынша, кәмелетке тол­ма­ғандарға қатысты зорлық-зом­былықтың кез келген түрі үшін жа­заны қатайтып, жол инф­ра­құры­лымының, ғимараттардың, ба­ла­лардың киім-кешек, азық-тү­лік қауіпсіздігіне баса назар аудару қа­жет, – деді Несібелі Зариван­қы­зы.

«Оның айтуынша, құқық қор­ғау органдары түнгі уақытта заңды өкіл­дерінің жүруінсіз үйден тыс не­месе ойын-сауық орындарында жүр­ген жасөспірімдерді анықтау бойын­ша тұрақты жұмыс жүргізеді. Жыл басынан бері осындай заң­бұзу­шылыққа жол берген 2 667 тұл­ға әкімшілік жауапкершілікке тар­тылған», – дейді Қостанай об­лы­сы Полиция департаменті бас­ты­ғының бірінші орынбасары Алек­сей Милюк. 

Кәмелетке толмағандардың заң­ды өкілдеріне балаларды тәр­бие­леу және асырау жөніндегі өз мін­деттерін тиісінше орында­май­тын (бейімсіз отбасылар) бақылау жү­зеге асырылады. 2023 жылдың ба­сынан бұл санат бойынша 761 адам профилактикалық есепке алын­ған екен. 

Сонымен қатар Қазақстанда «150» бірыңғай сенім телефоны жұ­мыс істейді: бұл тәулік бойы жұ­мыс істейтін және зорлық-зом­бы­лық құрбандарына көмек көр­се­тетін мемлекеттік сенім теле­фо­ны екенін еске саламыз.

Кеңес мүшелері «AMANAT» пар­­тиясының Қостанай облысы бойы­н­ша «Халықпен бірге!» өңір­лік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы туралы ақпа­рат­ты тыңдады. 

Аймақтық Сайлауалды бағ­дар­ла­масын іске асыру бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде ай­­мағымызда 2023 жылдың соңы­на қарай ҚНжЕ сәйкес келетін бейімделген нысандардың үлесі 155-ті құрауы тиіс. Алдағы 5 жыл­дың ішінде Қостанай облысында 754 нысанда бейімдеу шараларын аяқ­тау жоспарланса, биылғы 25 қыр­күйекте облыста 111 нысан бейім­делгені белгілі болды. 

Ал биыл сегіз айда тұрғындарды жұмыспен қамту шараларымен 763 мүгедек қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 252 адам орналастырылған. 

«Бүгінгі нақты жағдайда психо­ло­гиялық көмекке деген қажеттілік үне­мі артып келеді. Облыста об­лыс­­тық психологиялық қолдау жә­не қосымша білім беру орта­лы­ғында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны жұмыс істеп тұр. (37-08-58, 8(708)078-42-01) Анық­тама телефоны тегін және аноним­ді, – дейді Қостанай облысы Білім басқармасы басшысының орын­басары Данагүл Сүйіндікова.

Айта кету керек, төрт жылдан бе­рі облыс бойынша 479 пси­хо­ло­гиялық қызметке әдістемелік қол­дау «Психологиялық қолдау және қо­сымша білім беру орталығы» ар­­қылы жүзеге асырылған. Ор­та­лық­тың жаңа бағыттарының бірі – зорлық-зомбылық пен бұзақылық­тың алдын алу. Осы бағытта орта­лық мамандары зорлық-зомбылық пен қорлау құрбандарына көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу үстінде.