Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады.
Президентке әділет органдарының атқарған жұмысы жөнінде баяндады
1,333
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділет органдарының биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына қабылданып жатқан заңнамалық шаралар, атап айтқанда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерін оңтайландыру үшін әзірленген заң жобалары, сондай-ақ әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Президентке азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтар, нотариаттық, адвокаттық қызметтер, атқарушылық іс жүргізу салаларындағы жаңалықтар және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау шаралары туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Есқараевқа «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды жүзеге асыруға қатысты заңға тәуелді актілерді жедел қабылдау үшін Бас прокуратурамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар Президент заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен үйлесімді жұмыс істеп, Конституция талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.