Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адам қамауға алынды.
Алматы облысында екі кішкентай қызды зорлады деп ұсталған күдіктінің әйелі де қамалды
1,246
оқылды

Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталды.

«Күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істі тергеу облыс полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында», – деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесін сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, кеше кішкентай қызды зорлады деген күдікпен Алматы облысында ер адам ұсталған еді. 

Сондай-ақ әлеуметтік желіде анасымен бірге тұратын ер адам бір емес, екі қызды да зорлағаны туралы ақпарат тарады.