Ол қылмысты мас күйінде жасаған.
Павлодарда әйеліне тіл тигізгені үшін танысын өлтірген ер адам сотталды
989
оқылды

Павлодарда әйеліне тіл тигізгені үшін танысын өлтірген ер адам сотталды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалдары бойынша, биыл сәуір айында көшелердің бірінде ер адам танысының әйеліне тіл тигізген. Әйел адамның күйеуі ашуланып, жиналмалы пышақпен танысына үш рет соққы жасаған. Танысы қан жоғалтқаннан оқиға орнында қайтыс болған. 

Айыпталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады және 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. 

Сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

«Сот жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, ер адамды ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады», – делінген үкімде. 

Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Фото: Halyq Uni