Арман Қайназаров бір жыл бұрын ғана қалың көпшіліктің есіне түсіп, танымал әншілерге хит әндер жазғаны туралы халық шулаған еді. Композитор қыркүйек айында қайтыс болды. Сазгердің туған інісі "Қыздар-ай" бағдарламасында мән-жайды толық баяндап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бірден миына қан кеткен: Композитор Арман Қайназаровтың неден және қалай қайтыс болғаны анықталды
1,057
оқылды

"Қыркүйек айының 4-і күні біреу есікке қағаз тастап кетіпті. Анам есікті ашса, "Арман ауыр хәлде. 7 ауруханада, тез барыңыздаршы" деп жазылған. Мен бірден ауруханаға келемін. Бізді "Комада" деп кіргізбейді. Не болғанын сұраймыз.

Кафенің алдында екі жігіттің арасында жанжал болады. Арман оны ажыратпақшы болып, араға түседі. Әлде біреуді таниды ма? Полицияның айтуы бойынша, оны біреуі ұрады. Ол баспен асфальт жолға түсіп, бірден миына қан кетеді.

Сол жердегі бір қыз жедел жәрдем шақырады. Бізге сол қыз қағаз қалдырған ғой деймін. Полиция не болғанын көрсеткен жоқ. Бір адамды 11-і күні ғана ұстады. Енді екінші адам ұсталып жатыр деді.

Қанша күн өтті? Әлі ешкім үйге келген жоқ. Істі бірінші күні қозғаған. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ біз кім жүргізіп жатыр, қалай жүргізіп жатыр білмейміз", - деді марқұм композитордың інісі.

Сонымен қатар Қайназаровтың інісі ағасының комада жатып есін жиып, қайта комаға түскенін ашып айтты. 

"Жеті күн комада жатады. Кейін есін жинайды. Көзін ашып жүреді, сөйлеседі. Бірінші барып сөйлесеміз, атымды таниды. Тамақ апарамыз. Екінші күні анам, үшінші күні жеңгеміз барады. 15-і күні бізге қайта комаға түскенін хабарлайды. Себебін сұрасақ, "іріңді менингит" дейді. Туыстары бұл іс тоқтатылып қалады ма деп уайымдайды", - деді Алмас Қайназаров.