Белгілі блогер астаналық аула сыпырушыға елден ақша жинап, елордадағы элиталық үйден пәтер әпермек болған. Алайда қаражат жиналған соң, блогер телефон тұтқасын көтермей, ізім-ғайым жоқ болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Танымал блогер астаналық аула сыпырушыны үй әперемін деп алдап кеткен
5,475
оқылды

Мұндай оқиғамен белгілі журналист Айгүл Мүкей бөлісті.

"Менің бағдарламамның кейіпкері Саламат. Астанада аула сыпырушы болып істейді, осы уақыт бойы тұрғын-үйдің кішігірім ғимаратын 40 мың теңгеге жалға алып келген. Айтуынша, бір жыл бұрын оған Самат деген блогер келіп, оны түсіріп, желіге салған. Сөйтіп өзінің каспий нөмірін көрсетіп, Саламатқа үй әперемін деп, елден ақша жинай бастаған. Алайда азық-түлік әперіп, сосын танымал меценат Астанадағы элиталы тұрғын-үйден үй сыйлайтынын айтқан. Алайда, бәрін түсіріп, елден ақша жинаған соң, сол күйі телефон тұтқасын көтермей, ізім-ғайып жоқ болған. Оның желідегі парақшасын көрдік, бірнеше рет жазбаларын өшірген, елден жинаған ақшаны өз картасына аудартқан. Саламат өзін тағы да біреулер алдап соға ма деп қорқады. Алайда біз оның пәтерінің ақысын бір жылға төлеп бердік, ал мына блогерге алдағы уақытта абай болу керектігін айтқым келеді», - деді тележүргізуші.