Ел аумағындағы мектеп­тер­де 2027 жылға дейін 1,5 млн ыңғайлы оқушы орны құ­рылып, апатты және үш ауы­сымды мектептер мәсе­ле­сі толығымен шешіледі.
Апатты мектептен арыламыз
500
оқылды

Ұстаздар күні қарсаңында «AMANAT» партиясында «Ха­лық­пен бірге!» сайлауалды бағ­дар­ламасының білім беру сала­сын­дағы басым бағыттары ай­тыл­ды. 

Мәселен, биыл 80 мыңға жуық оқушыға арналған екі ауы­сым­да жұмыс істейтін 77 мектеп пай­да­лану­ға берілді. Жыл соңына дейін бас-аяғы 130 мыңнан астам оқу­шы­ға арналған 165 мектеп пай­­далануға беріледі деп жоспар­лануда.

Сонымен қатар елімізде 53 мек­тепте күрделі жөндеу жұмы­сы, 435 мектепте ағымдағы жөн­деу жұмысы аяқталды. Бұған қо­са, 346 мектепте 317 пәндік ка­­­­бинет ашы­лып, 387 мектептің жиһазы, 406 мектептің кітапханасы жаңар­тылды. 

Сайлауалды бағдарлама ая­сын­да 2025 жылға дейін шағын қа­лаларда, аудан орталықтарында жә­не ауылдарда бас-аяғы 3 мың мектепті жаңғырту жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Мәжіліс депута­ты, «AMANAT» партиясы жа­нын­­дағы Білім беру және денсаулық сақ­тау мәселелері жөніндегі рес­пуб­ликалық кеңестің төрағасы Жұл­дыз Сүлейменова Қазақ­стан­­да сапалы әрі мазмұнды бі­лім беру жүйесі жолға қойылуы тиіс екенін атап өткен болатын.

«Президент Қасым-Жомарт То­қаев «Әділетті Қазақстанның эко­номикалық бағдары» атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында са­палы білім әр баланың мыз­ғы­мас құқығы, осыған сәйкес білім са­пасы еңбек нарығының сапа­сына байланысты  тұтастық қа­жет  екенін айтқан болатын. Осы са­лаға жауапты мемлекеттік ве­домс­тволар Мемлекет басшысы Жолдауда міндеттеген тапсырма­лар мен партиямыздың сайлауал­ды бағдарламасында қамтылған бастамаларды жүйелі түрде жү­зе­ге асыруы өзекті. Ең бастысы, Пре­зидент айтқан сапалы әрі маз­мұн­ды білім жүйесі жолға қойы­луы керек», – деді ол. 

Тұрғындар саны аз кейбір ауыл­дарда мектеп мүлдем жоқ. «AMANAT» партиясы осы мәсе­ле­ні шешу үшін сайлауалды бағ­дар­ламаға мектеп автобустарын са­тып алуды көздейтін тармақ ен­гізді. Бүгінде осындай мектеп­тер­ге 314 автобус жеткізілсе, жыл соңына дейін тағы 82 автобус жөнелтіледі деп жоспарлануда. 

Сонымен қатар биыл 500 мек­­тепте бейнебақылау каме­ра­ла­рын, турникеттер, дыбыстық ес­кертулер және дабыл түйме­ле­рін орнату арқылы қауіпсіздік жағ­дайы жақсартылды. Бала құ­қық­тары жөніндегі уәкіл, «AMANAT» партиясы жанын­дағы Отбасы және халықты әлеуметтік қор­ғау мәселелері жөніндегі рес­пуб­ликалық кеңестің төрағасы Ди­нара Зәкиева балалардың өмі­рі мен денсаулығының қауіпсізді­гін қамтамасыз ету үшін партия­лық­тар барлық өңірде мектептер­ге тексеру жүргізетінін атап өтті.

Алдағы бес жылда білім беру ұйым­дарының 58 мыңнан астам педагогі зорлық-зомбылықтың, оның ішінде кәмелетке тол­ма­ған­дар арасындағы әлімжеттіктің (бул­линг) және суицидтің алдын алу бойынша оқытудан өтеді. Бү­­­­гінде 5,2 мыңнан астам педагог оқытудан өтті.

Тағы бір айта кететіні, биыл бі­рінші жартыжылдықта пат­ро­нат тәрбиешілердің жалақысы екі есе өсті. Бұл қадам бірінші ке­­­­зекте патронаттық тәрбиеге бе­ріл­ген балаларды қамту аясын ұл­ғайтуға, сондай-ақ баланы ин­тернат мекемесіне қайтару қаупін азай­туға мүмкіндік береді.

Бердібек ҚАБАЙ