Энергетика министрі Алмасадам Сат­қалиев KazEnergy XV Еуразиялық фору­мында Қазақстандағы бензинге қатысты жағ­дай және көршілес елдердегі бағаның өзгеруі біздің нарыққа қалай әсер ететіні туралы айтты.
Жанармай бағасы қымбаттамайды
627
оқылды

 Оның айтуынша, елімізде бензин бағасының болжамы бірқалыпты.

«Ресей Федерациясындағы мүмкін болатын ба­ғаны қоспағанда, бағаның өсуіне алғышарттар жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанда сұраныс пен тұтыну тең­герілген, дизель отынына қажетті мұнай өнімдері­нің қоры қалыптастырылды. Жанармай – шамамен бір ай мерзімге, 92 және 95 бензиндері үшін – 25 күн деңгейінде. Сонымен қатар мұнай өнімдерінің осы түрлерін өндіруді ескере отырып, біз тапшылықты күтпейміз», – деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар министр Ресей Федерациясында орын алып отырған мұнай өнімдеріне жұмсалған шығындарды өтеу көлемінің төмендеуіне бай­ланысты белгілі бір тәуекелдер бар екенін атап өтті. 

«Бұл жерде импорттық жанармай бағасының өсуі мүмкін тәуекелдер бар. Ол ішкі нарықтағы бағаларға пропорционалды әсер етеді. Әзірге біз қалыптас­тыр­ған резервтерге сүйене отырып, елімізде өндірілетін өнім­дерге назар аударып отырмыз», – дейді Алма­садам Сатқалиев.