Ақтөбеде прокурорлар кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
20 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталған
658
оқылды

Ақтөбе облысының прокуратурасының талдау нәтижеcі көрсетіп отырғандай, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен биыл камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады. Тиісінше, олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде, салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған. Ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті. Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды. Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.