Оқиға 1 қазан күні кешкі уақытта болған.
Семейде «елес қыз» ұсталды
1,481
оқылды

Семей қаласының 22 жастағы тұрғыны «елес» костюмін киіп алып, қаланың жерасты өткелдерінің бірінде қала тұрғындарын қорқытқан, - деп хабарлайды  Aikyn.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 22 жастағы семейлік бойжеткен болып шықты. 

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл салынды.