Бүгін Астанада Республикалық педагогтер съезі өтіп жатыр.
Президент педагогтерді Ұстаздар күнімен құттықтады
934
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Республикалық педагогтер съезінің ашылуында баяндама жасап, барша ұстазды бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал ұстаз болу – қастерлі міндет. 

Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. 

Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», – деді Президент өз сөзінде.