Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл салынды.
Семейде «елес» қыз ұсталды
1,276
оқылды

Семейде «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан 22 жастағы қыз ұсталды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ПД-ның мәліметінше, оқиға жексенбі күні кешке қаладағы жерасты өткелдерінің бірінде болған. 22 жастағы қыз «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан.

Полицейлер қоғамдық орында қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, сырт келбетімен өтіп бара жатқандарды шошытып жүрген тұрғынды анықтады.

"Оның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін материал жиналды", – деп түсіндірді полицейлер.

Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Семей қаласы Полиция басқармасы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауды сұрайды.

фото: Семей ПД