Қазақстанда баспанаға сұраныс көбеймесе, азайған емес.
Қазақстанда қанша адамның өз үйі бар?
2,650
оқылды

Биыл 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 493 685 тұрғын үй бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбінің баспанасы бар. Атап айтқанда, Freedom Finance Global зерттеуіне сүйенсек, халықтың жартысынан астамында (52,2%) тұрғын үйі бар. Оның ішінде, жастардың үлесі – 29,7%, ал жасы үлкендердің 75,5%-інде баспана бар. 30 бен 44 жас аралығында ипотекамен үй алғандардың үлесі – 45,8%. Тұрғылықты жері бойынша қалада – 50,7%, ауылда – 54,5%. 

 

Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 9,3%-ның меншігінде жалға бере алатын қосымша баспана бар. Шын мәнінде, олардың жартысынан азы (45,6%) ғана оларды жалға береді. Ауылдық жерлерде қосымша тұрғын үйді 41,9% жалға береді. Қалалық жерде 49,1% жалға береді. 

Жұрттың көпшілігі жекеменшік үйде тұрады (62,7%). Аймақтарда пәтер иелерінің саны – орта есеппен 35,4%. Республикалық маңызы бар қалаларда бұл көрсеткіш 59,2%-ға дейін артады. Көппәтерлі үйдің ең көбі Астанада – 71,7% . Алматыда бұл көрсеткіш – 55,8%. Шымкентте таразы басы тең.  

 

Биыл 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстандағы тұрғын үйлердің жалпы саны – 2 493 685. Оның ішінде, айтарлықтай үлес жеке тұрғын үйлерге тиесілі – 2 182 144 (87,5%), қалған бөлігі – көппәтерлі үйлерге тиесілі – 311 541 (12,5%). Яғни, көппәтерлі үйлер ықшам және пәтер саны көп. 

 

Облыстар бойынша Түркістан облысында үй көп. Ең көбі 345,2 мың, ауылдық жерлердегі үйлер саны – 266,3 мың. 

Алматы қалалық елді мекендердегі жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер саны бойынша көш басында келеді. Мегаполисте 140,8 мың жеке (ЖТҮ жалпы санының 15,9%) және 27,5 мың көппәтерлі тұрғын үйлер (КПТҮжалпы санының 21%) бар. Жеке тұрғын үйлер саны бойынша екінші және үшінші орында Шымкент – 137,1 мың үй (15,4%) және Түркістан облысы – 75,9 мың үй (8,5%), көп пәтерлі үйлер саны бойынша Қарағанды және Ақмола облыстары – тиісінше 17,4 (13,3%) және 7,8 мың бірлік (6%) көш бастап тұр.

Фото: yandex.ru