Мемлекет басшысы ең үздік 7 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді.
Ауылдағы мектептерге заманауи құрал-жабдық қажет – Үнзила Шапақ
1,319
оқылды

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мұғалімнің еңбегі еленгені жөн деген пікірімен бөлісті. 

Осы өмірде ұстазы жоқ адам кемде-кем. Ұстаз – ақыл мен даналықтың иесі. 

Әжеміз: «Нағыз ұстаз дегеніміз – аулада ойнап, қаламсап тұрмақ қасық, шанышқыны дұрыс ұстай алмайтын бүлдіршінді сыныпқа кіргізіп, 6 сағат партаға отыруға, зейін салып тыңдау дағдысын қалыптастырып, оқу мен жазуға үйретіп берген бастауыш сынып мұғалімдері», – дейтін. Бұл пікірмен келіспеу мүмкін емес. 

Адам баласы толық, адал адам болу үшін өмір бойы оқып, үйренумен жетіледі. Өмір сүріп жатқан заман талабына сай, қажетті дағдыларды игеру өте маңызды. 

Сондықтан, Президент іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандар бағаланатынын баса айтты. Әр азамат үздіксіз оқуы керек. Білімге құштарлықты бойына сіңіртетін орта мектеп мұғалімдері екеніне назар аударып кетті.

Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою міндетін салалық министрлікке түбегейлі жүктеді. 

Қаладағы, даладағы мұғалімдердің қай-қайсысы өз пәнін ғана жетік біледі. Ауыл мектептерін технологиялық жабдықтауды қатаң тапсырды.