Тоқтарбек Таңатқан Азия ойындарының алғашқы бәсекесінде жерлесіміз Нұрбек Оралбайдан басым түскен болатын.
Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан бокстан Азия ойындарының чемпионы атанды
1,783
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азиададағы бокс бәсекесі мәресіне жетті. Тартысты додада Қытайдағы қазақ спортшысы алтын медаль алып, чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан 80 келі салмақта жұдырықтасып, қытайлық құрамаға алтын медаль сыйлады. Боксшы финалда атақты филиппиндік боксшы Эумир Феликс Марсьяльмен күш сынасты.

Бірінші кезеңде филиппиндік боксшы Тоқтарбекті нокдаунға жіберіп, бес төреші соған дауыс берді. Екінші раундта Тоқтарбек қарсыласын нокдаунға түсіріп, таразы басын теңестірді.

Жалпы есеп 5:0 болып, қытай қазағы жеңіске жетті.