Екі қыз қазір анасымен бірге ауылдағы ауруханада емделіп жатыр.
Үш жастағы егіз қыздарға жасалған азғындыққа қатысты жаңа деректер белгілі болды
2,440
оқылды

Үш жастағы егіздерге азғындық жасаған өгей әкесі емес, нағашы әжесінің күйеуі болып шықты. Алматы облысы Бақанас ауылында болған сұмдық жағдайға қатысты жаңа деректер ашылды. Егіз қызға жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деп қамауға алынған еркек олардың өгей әкесі емес, 43 жастағы әжесінің көңілдесі екен, – деп хабарлайды Aikyn.kz ktk.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Қыздардың туған анасы небәрі 20 жас шамасындағы келіншек. Өзі есірткіге тәуелді. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ қауіпсіздігіне ешкім бас қатырып жатпаған сыңайлы. 

Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні шешесін шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген екен. Келіні өз немересін күйеуінің қойнына салып берді деп отыр. Қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр. 

Өгей немересін зорлады деп айыпталған 40 жастағы күдіктінің мас күйін көршілер сан мәрте көрген. Десе де отбасы тұйық болыпты. Ешкіммен араласпайды. Арсыланбек Қыдырбаевтің тұрақты жұмысы жоқ. Тек ауылда адам тасып күнелтіп келген. 

Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр. Екі қыз қазір анасымен бірге ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

– Балалардың жағдайы орташа. Ауруханаға түскенде олардың зорлық көргенін дәрігерлер бірден анықтады. Полицияға да дереу хабар берілді. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазір өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Медициналық көмекпен қатар, психологтар да жұмыс істеп жатыр.