Тапсырыстың сапасыз орындалғаны дәлелденсе, сот жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізу туралы шешім шығарады.
Азия ойындарына киім тіккен компаниялар "қара тізімге" енгізілуі мүмкін
2,903
оқылды

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 16-шы Азия ойындарына қатысушы қазақстандық спортшылардың киімін тіккен компаниялар жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізілуі мүмкін, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Ренад Ахметов ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында осындай мәлімет айтты.

"Заңнамада келісімшарттағы міндеттемелерді сапасыз орындағаны үшін тапсырыс беруші жеткізушінің үстінен жосықсыз орындаушылар тізіміне енгізу туралы сотқа жүгіне алады. Тапсырыстың сапасыз орындалғаны дәлелденсе, сот жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіргізу туралы шешім шығарады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жеткізуші тізімге енеді де, порталдағы әрекеттері бұғатталады. Бұдан әрі ол жеткізуші сатып алу процестеріне қатыса алмайды", – деді Ренад Ахметов.