Жаңаөзендегі Рахмет Өте­сінов атындағы спорт кешенінде параволейболдан республи­­­­­калық турнир өтті.
Жаңаөзенде параволейболдан республикалық чемпионат өтті
545
оқылды

 Жарысқа Қа­­­зақ­станның алты өңірінен 30-дан астам қатысушы мен төрт ко­ман­­да жиналды, бұл оның рес­­пуб­­ликалық дәрежесін көр­­­сетеді, деп хабарлайды Маңғыс­­­тау об­­­­­лы­­­­­­­сы әкімінің баспасөз қызметі.

­Пароволейбол бойынша спорттық іс-шара Жаңаөзен қаласының 55 жыл­дығы, Маңғыстау облыстық мәсли­хаты­ның 30 жылдығы және мүгедектігі бар жандарға арналған «Алға» спорт клубы­­ның құрыл­­ғанына 30 жыл толуына орай ұйымдас­­­­­тырылды. 

Біріктірілген турнирге 32 ойыншы мен төрт команда қатысты. Олар Жаңа­өзен қаласынан «Өзенмұнайгаз», Ақтау қаласы­нан Маңғыстау әкімдігінің ко­­ман­дасы, KazPetroDrilling бас демеуші ко­­мандасы және «Жұлдыздар» коман­дасы.

Командада тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар да, отырған қа­­­лыпта ойнаған адамдар да болғанын атап өткен жөн. Бұл ерекше ойында әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдар бірге бәсеке­ге түсіп, өзде­рінің спорттық қабілеттерін көрсетті. Жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Түркі­стан облыс­­­тарының паро­спорт­шылары қатысты.

Турнирдің финалында Маңғыстау облысы әкімдігінің командасы мен Жаңаөзен қаласының «Өзенмұнайгаз» командасы кездесті. Үш ойынның қоры­­­тындысы бойынша Жаңаөзен командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орын­­­­­ды «Жұлдыздар және KazPetroDrilling командалары өзара бөлісті.

Маңғыстау облысында тоғыз спорт түрімен шұғылданатын мүмкіндігі шек­теулі 845 спортшы бар. Олар физикалық өзгешеліктеріне қарамастан спортпен шұғылданып жүрген, рухы биік жандар. 

Сонымен қатар өңірде мүгедектігі бар жандарға арналған бір спорт клубы жұмыс істейді және оған 591 адам қатысады.

Жаңаөзенде 1993 жылы құрылған мүгедектігі бар жандарға арналған «Алға» клубы жұмыс істейді. Қазір Құралбек Сейдовтың төрағалығымен жұмыс істей­­­тін клубта жеті үйірме жұмыс істей­ді, онда 60 адам спортпен белсенді түрде айна­­­­лысады.

Айта кетейік, Маңғыстаудан мүгедек­тігі бар үш спортшы Қытайдағы Пара­­лим­­­­пиада ойындарында Қазақ­станның атынан қатысады. Мейірбек Өтепов-үс­тел теннисі бойынша, Ерболат Алтаев-параволейболдан және Ғани Есенте­­міров - парапауэрлифтингтен. 

Сонымен қатар биыл Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің волейбол­­­­­шылар Париждегі 2024 жылғы XVII Жаз­­ғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды. Қазақстандық құрамаға үш маңғыстаулық кіреді. Олар Ерболат Алтаев пен Бауыржан Оразғалиев және олардың жаттықтырушысы Құралбек Сейдов.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев спорт­­­шыларды құттықтап, алдағы олим­пиада­ға сәттілік тіледі. Сондай-ақ «Алға» клубы­­на аймақтағы параспортты дамы­­туға қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

– Паралимпиадалық спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, бәрімізге үлгі бола білді. Спортпен шұғыл­­дану үлкен ерік-жігерді, шыдам­­дылық пен табандылықты қажет етеді. Паралимпиа­дашылардың спортқа деген адалдығы біздің еліміздің атын бүкіл әлемге танымал ететініне сенімді­­­­міз. Бұл ең алдымен спорт­­шылардың, олардың жаттықтыру­­шы­­ларының және мүгедектігі бар жан­­­­дарға арналған клуб­­­­тар­­­­дың еңбегі. Біз Маң­­­ғыстауда са­ламат­­ты өмір салтын насихаттау және дені сау ұлт құру мақ­сатында, жаңа спорт ғима­­­раттарын салу және спорт кешен­­­деріне жөндеу жұмыста­­­­рын жүргізуде­­­міз, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Іс-шара «Алға» клубының 30 жыл­­­­­­­дығына арналған мерекелік концертпен аяқталды, онда жергілікті әртістер өнер көрсетті. Өңірде параспорттың дамуына елеулі үлес қосқан жандар марапатталды.

Сағындық Рзахметов