Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 119.29 (117.29 таза уақыт бойынша + 2 айып секундтары). Нәтижесінде, екінші орынға қол жеткізді.
Азия ойындары: Слаломда ескек есуден Анастасия Ананьева күміс медаль алды
1,270
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден қазақстандық Анастасия Ананьева күміс медаль алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 119.29 (117.29 таза уақыт бойынша + 2 айып секундтары). Нәтижесінде екінші орынға қол жеткізді.

Жарыста бірінші орынды қытайлық Цзюань Хуан (107.71) иеленсе, «қола» жапониялық Харуки Окадзакиге (119.59). бұйырды.

19 жастағы Анастасия Ананьева 2022 жылы Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Айта кетсек, слаломда ескек есуден ел құрамасы қоржынына екі қола медаль түскен еді.

Медальдар кестесінде ел құрамасы қазірге дейін 69 медаль еншілеп үлгерді. Олардың 9-ы алтын, 19-ы күміс және 41-і қола.