Қостанай полицейлері есірткі таратты деген күдікке ілінген іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қостанай полицейлері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады
662
оқылды

5 қазанда "Заңсыз келуші – 2023" жедел-профилактикалық  шарасын өткізу кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде жүрген азаматты анықтады.

Бұл жағдайды полиция қызметкерлері осы азаматтың көші-қон қызметіне мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша жүгінген кезінде анықтады. Іздеуде жүрген адам ұсталды.

Қостанай облысының Полиция департаменті "Заңсыз – келуші 2023" операциясының төрт күнінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегін анықтағанын хабарлады. 16 шетелдік азамат елге 5 жыл бойы кіре алмайды.

Қазақстандық азаматтардың шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартуының 12 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының 70-тен астам азаматы тиісті орынға шетелдік азаматтардың келгені туралы уақытылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.