«Рухани жаңғыру» орталығындағы кездесу
«Рухани жаңғыру» орталығындағы кездесу
400
оқылды
– 2020 жылға арналған жос­пар бойынша «Рухани жаңғыру» білім орталығы «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының бағыт­тарын түсіндіру мақсатында 600 адамға курс ұйымдастырып, көшпелі дәріспен 5 000 адамды қамтуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі. Көктемнің алғаш­қы күнінде «Рухани жаңғыру» білім орталығы екікүндік семи­нар-тренинг өткізді. Спи­кер ретінде Л.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-дың философия ғы­лым­дарының кан­дидаты Кеңші­лік Тышхан ша­қырылып, «Алғыс айту күні – ұрпақты достық пен толерант­тылыққа тәрбиелеу ме­рекесі» та­қырыбында дәріс оқы­ды. Дә­рістің мәні – ұрпақ тәрбие­сіндегі Алғыс айту мере­кесінің түп мағынасына үңілу, ізгі қо­ғам­ды құруда рухани құн­дылық­тардың маңызы мен адам­ның жан дүние­сіндегі тазалық пен кемелдікті адамдар арасын­дағы риясыз қарым-қатынастың негізі ретінде қарастыру. Сон­дай-ақ шара ба­рысында Л.Гу­милев атын­дағы ЕҰУ педаго­гика ғылымда­рының кандидаты, до­цент Айкү­міс Омар­бекова «Ру­хани-адамге­р­ші­лік білім берудің психоло­гиялық-педагогикалық негіздері» тақы­рыбында семи­нар-тренинг өт­кізді. Семинар аясында зама­науи білім кеңіс­тігін ізгілендірудің жаңа тәсіл­дері, психологиялық және пе­дагогикалық қағидаттары мен шарттары қарастырылды. Дә­рістің екінші күні кәсіби коуч Әсел Мұратова «Эмоционалды ин­теллектіні тәрбие құралы ре­тінде пайдалану» тақырыбында тренинг өткізсе, философ, мәде­ниеттанушы Салтанат Әлім­құ­лова «Жаһандану процесі және ұлттық бірегейлікті сақтау» та­қы­рыбында дәріс оқыды. Еске салсақ, былтыр өткен 10 семи­нар-тренингке қаланың 32 кол­леджінің, 87 жалпы білім беру мекемелерінің, 11 қосымша бі­лім беру, 95 балабақша және 17 мәдени ұжымдардың 250 қыз­меткері қатысты. Шара аясында 357 адамға елорданың сакралды нысандары бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар қа­ланың орта және білім беру ме­кемелерінде 51 көшпелі-дәріс ұйымдастырылып, оған 4 050 адам қамтылды. Сондай-ақ орта­лық кітап оқу мәдениетін қалып­тастыру үшін қала тұрғындарына арналған «Парасат» оқырман клубы мен «Аманат» үйірмесінің кездесулерін апта сайын ұйым­дастырады. Клуб жұмысы бары­сында зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, ше­берлік сабақтары өткізіледі. Одан бөлек, орталық мемлекеттің дамуына үлес қосып, «100 жаңа есімге» енген тұлғалардың же­тістікке жету жолын насихаттау үшін кездесулер ұйымдастырады.   Алтынбек ТОЛЫМБЕКОВ, Нұр-Сұлтан қаласы