Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады (жаңбыр соңы қарға ұласады).
-5 градус, қар. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
19,876
оқылды

Синоптиктер 10-12 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады (жаңбыр соңы қарға ұласады). Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде де жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республиканың басты аумағында ауа температурасы түнде 5 градус аяздан 7 градус жылыға дейін, күндіз 5-18 градусқа дейін жылиды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде ауа температурасы -5+5 градусқа дейін төмендеуі, ал күндіз 5-13 градусқа дейін жылы болуы мүмкін.

Фото: celes.club