Петропавлда туған-туыстары іздеу жариялаған 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Петропавлда жоғалып кеткен 19 жастағы жігіттің денесі табылды
518
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:08 минут кеткенде Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» пультіне ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түскен. Телефон соққан адам дененің Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан ғимараттан алыс емес жерде жатқанын айтқан.

Ол облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. 9 қазан күні туыстары полицияға жүгініп, жігіттің із-түзсіз жоғалғанын айтып, іздеу жариялаған.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін СҚО-да туған қызы мен ұлын үш жылдан артық уақыт бойы зорлап келген ер адамға сот үкімі шыққанын айтқан едік.

Қылмыстық іс сотта жабық қаралды. Сотталған М.Жұмабаев ауданының тұрғыны, Өзбекстан азаматының кінәсі толық дәлелденгенімен, сотталушы айыптаумен келіспей, ақтауды сұрады. Ер адам қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болады.