Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова алғаш рет кенже ұлының үйленгені жайлы пікір білдірді. Ол осы жолы баласы жар таңдауда қателеспегенін жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеп.
Гүлзира Айдарбекова кіші келіні туралы алғаш рет құпиясымен бөлісті
23,769
оқылды

Айдарбекова жылы тілек білдіріп жатқан барлық жандарға алғыс айтты.

«1-2 күннен бері Заңғарым өз өмірлік жарына сөз салғалы бері ағайын туыс, дос-жаран, оқырмандарым барлығы құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Заңғар туралы дайректіме өте көп сұрақтар келіп жатыр. «Кішкетай кезінде қандай болды? Қалай тәрбиеледіңіз?»- деген сынды сұрақтар өте көп. Балам туралы бір оқиғаны айтып берейін...

Дана халқымыз «Не ексең соны орасың» деп айтып кеткен ғой. Кішкентай кезінде балаға не айтсақ, қандай тәрбие берсек соның жемісін балаларымыз өмір бақи көреді...Бұл туралы сіз қалай ойлайсыз?», -деді ол.