Президент Қаржылық мо­ниторинг агенттігінің төраға­сы Жанат Элимановты қа­был­дады.
Адал бизнесті қорғау маңызды
416
оқылды

Мемлекет басшысына Қар­жылық мониторинг агенттігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыста­рының нәтижесі және алдағы уа­қытқа арналған жоспары тура­лы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге бола­тын активтер қайтарылғаны, сон­­дай-ақ көлеңкелі экономи­каның деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Жанат Эли­манов құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолдан­ғанын, есірткі сатушылардың қар­жылық операцияларын бұ­ғаттау тәжірибесі жолға қойыл­ғанын айтты. Бұл жұмыс азамат­тарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды.

Оның айтуынша, есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайда­ланылған 924 банктік шот бұғат­талған. Криптоактивтерді пайда­лана отырып жасалатын эконо­ми­калық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған. Крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валю­таны алып қою тетігі әзірленген. Заңсыз 9 крипто алмастырғыштың қызметі жойылған. Ондағы қар­жы айналымы 17 миллиард теңгеден асқан.

Президентке Қазақстанда алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, агенттіктің Binance крип­то­биржасындағы арнайы шотына салынғаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, террористік және экстремистік ұйымдардың шот­тарына қаражат аударуды көз­деген 976 әрекет анықталып, бұғатталған. Экономикалық құ­қық­бұзушылықтардың кейбір белгілері бойынша қылмыстық қудалауды жеңілдету (декрими­нализация) туралы ұсыныстар енгізілген. Бұл кәсіпкерлерді қор­ғау шараларын күшейтуге мүм­кіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев агент­тік қызметінің негізгі ба­ғыттары бойынша бірқатар нақты тапсыр­ма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қыл­мыстарға қар­сы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.