Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының оты­рысы өтті. Онда депутаттар 12 қазан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бе­кітті.
«Ұлттық қордан – балаларға» заң жобасын қарайды
467
оқылды

Палатаның алдағы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қа­райды. Бұл заң Мемлекет басшысының тапсыр­масымен әзірленді.

Құжат нормаларына сәйкес қаражат тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе баспана сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл ретте шетелде де білім алуға болатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік награда­лар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды. Бұл заң осы салада қазір қолданылып жүрген заңнаманы жетілдіруге арналған.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.