Қытайдың Ханчжоу қаласында өт­кен Азия ойындарында каратэден 60 ке­ліде ел намысын қорғаған Қайсар Ал­пысбай финалда Кувейт елінің спорт­шысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қор­жынына тоғызыншы алтын жүлдені сал­ды.
Шымкенттік спортшылар ерледі
481
оқылды

 Жеңіс тұғырына шыққан саңла­ғы­мыз елге ыстық сәлемін жолдап, бап­керлер мен басшыларға рақметін жеткізді. «Бүгін қанша жыл төккен терім ақ­талды. Бірақ осымен тоқтап қал­май­мын. Келесі жылы Париж қаласында өте­тін Олимпиадаға тыңғылықты дайын­даламын. Енді сол шыңды бағын­дыр­ғым келеді», – деді чемпион.

Ал шымкенттік каратэшілер Жазғы Азия ойындарында 1 алтын, 1 күміс жүл­де жеңіп алды. 84 келіде Данияр Юл­­дашев күміс жүлдені қоржынға сал­ды. Осылайша, Шымкенттің каратэ­ші­лері Азия ойындарын 2 алтын, 1 күміс жүл­демен аяқтады.

WKF каратэден Ұлттық құрама көш­басшысы Софья Берульцева қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды.

Әйелдер арасында +68 келі салмақ­тағы ақтық айқаста Софья мен Арика Гурунг күш сынасты. Жекпе-жек басы­нан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 3 – 0.

«Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл – біздің команданың жеңісі», – дейді фи­­­­­налдық жекпе-жегінен кейін өз эмо­циясымен бөліскен Азия ойындарының чемпионы София Берульцова.

Шымкенттіктер байдарка және ка­ное есуден Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сал­та­натты түрде күтіп алды. Шымкент қа­ла­сының спортшылары – Сергей Еме­лья­нов 1 алтын, 1 күміс, Тимофей Емелья­нов 1 күміс, 1 қола, Ирина Подой­никова мен Руфина Искакова 1 күміс жүлде иеленген болатын. Шым­кент әуежайы­нан жеңімпаз спортшыларды ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.

Іс-шарада қалалық Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыр­жан Тұманбаев, қалалық ескек есу және су спорт түрлері федерациясының пре­зиденті Нұрғазы Бұхарбаев жеңім­паз­дарды құттықтап, алдағы бәсекелерде сәт­тілік тіледі.

– Азия ойындарында қаламыздың спортшылары жарқын жеңіспен қуан­тып жатыр. Мінеки, жеңімпаздар мен жүл­дегерлердің екінші тобын қарсы алып отырмыз. Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары же­тіс­тіктер көрсетіп келеді. Олар кезекті рет Азия ойындарында өздерінің мықты еке­нін дәлелдеді. Биыл жастар арасында әлем чемпионы атанған Руфина Иска­кова ересектер арасындағы сайыста кү­міс жүлдеге қол жеткізді. Алда тағы да жа­рыс жолына шығатын спорт­шы­лары­мыз бар. Жерлестерімізге сәттілік тілей­міз! – деді Б.Тұманбаев.

Ұлттық құрама сапында Сергей Еме­лья­нов 500 метрге каноэде есуден алтын ме­даль жеңіп алды. Сергей және Ти­мо­фей Емельяновтар жұптық жарыстың 1000 м бағдарламасында күміс жүлдені ие­ленді. Ал байдарка мен каноэде есу­ден жастар арасында әлем чемпиона­ты­ның жеңімпазы болған Руфина Иска­кова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Сергей Емельянов қолдау көр­сеткен баршаға рақметін айтып, ал­да­ғы жарыстарға дайындыққа кірісетінін жеткізді.

Сонымен бірге жеңіл атлетикадан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүл­дегері Дмитрий Кобловты да Шым­кент теміржол вокзалынан жерлестері кү­тіп алды. Іс-шараға спорт мектебі бас­шылары, спорт жанкүйерлері қа­тысты. Д.Коблов 2018 жылы Джакар­та­да өткен Азия ойындарында 3-орын ал­ған болатын. Биыл Ханчжоуда өткен бәсекеде де командалық сайыста (эстафета микс) қола жүлдегер атанды. Д. Коблов мұнымен тоқтамайтынын, келесі Олимпиада ойындарына тың­ғылықты дайындалатынын атап өтті. Айта кетсек, Д.Коблов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 және 2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы. Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов жүлдегер спортшыны құт­тықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік ті­леді.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы