Кеше Израильдегі қазақстандықтардың эвакуацияланатыны айтылған болатын.
Израильдегі қазақстандықтарды елге алып қайтатын ұшақ Тель-Авивке аттанды
1,001
оқылды

Израильден қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы  сағат 08.00 кезінде Алматыдан Тель-Авивке ұшып кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандықтарды елге алып қайтатын рейс жергілікті уақытпен бүгін түнгі сағат 23.45 шамасында Алматыға қонады. 

Бұған дейін  Израильде ХАМАС шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.