Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Щучьедегі студенттің өлімі: ІІМ 2 қылмыстық іс қозғады
1,204
оқылды

Президенттің тапсырмасымен ҚР ІІМ орталық аппараты мен Ақмола облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, Щучье қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу үшін оқиға орнына шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу"), сондай-ақ қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсалаған деген арызымен ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұдан бұрын Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.