Алдын ала болжам бойынша, көліктің ішінде болған жастар (жігіт пен қыз) көмірқышқыл газына улану салдарынан көз жұмған.
Талдықорғанда көліктен қыз бен жігіттің мәйіті табылды: полиция оқиғаның мән-жайын айтты
1,065
оқылды

Талдықорғанда гаражда тұрған көліктің ішінен екі қыз бен жігіттің денесі табылды. Қазір  оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті жазатайым оқиға ретінде тіркелген.

«Алдын ала болжам бойынша, көліктің ішінде болған жастар (жігіт пен қыз) көмірқышқыл газына  улану салдарынан көз жұмған. Қалалық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптамалық зерттеудің қорытындысы бойынша, процессуалдық шешім қабылданады»,  делінген хабарламада.

Құтқарушылардың айтуынша, көліктің ішінен табылған азаматтар мынадай жағдайда иіс газынан улануы мүмкін: ұзақ уақыт жабық көлікжайда (гараж) және қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автокөлікте болған кезде; үйде, ақауы бар пешті пайдаланғанда; өрт шыққан кезде түтінді бөлмелерде, көлік вагондарында, лифтілерде және т.б жерлерде қалып қойғанда.

фото: pichold.ru