Оқиға 9 қазан күні, сағат 11.50-де болды.
Бейнеу–Ақтау трассасында екі адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті
1,063
оқылды

Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар БейнеуАқтау тасжолында екі адам қаза тапты, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға 9 қазан күні, сағат 11.50-де болды.

Бейнеу ауылынан келе жатқан АГП-20T 3813Н гидравликалық жүк көлігі солға бұрылу кезінде Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

«Жол апатынан Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді»,– делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.

Фото: Halyq Uni