Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы болды.
Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар елге келді
1,188
оқылды

Израильдегі жағдайдың күрделенуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге қайтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әуе кемесі Тель-Авивтен Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшып шыққан. Ұшақ Ақтау арқылы Алматыға ұшып келді.

Фото: zakon.kz

Бортта барлығы 166 жолаушы болған. Оның 124-і ҚР азаматы, қалғаны – шетелдік.

Фото: zakon.kz

Елге оралғандарды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.

 

Фото: nur.kz